Түркістан облысында полицей тұрғынға алаяқтың айласынан сақтануға көмектесті
Түркістан облысында учаскелік полицей тұрғынға алаяқтықтың алдын алуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сайрам ауданының тұрғыны учаскелік полиция инспекторына интернет-алаяқтық фактісі туралы хабарлады. Аталмыш әйел WhatsApp мессенджерінен күмәнді хабарлама алғанын, банктік қосымшасына белгісіз құпия саны бар сілтеме келгенін жеткізіп, сақшылардан көмек сұрады. Бұл бойынша учаскелік полиция инспекторы С.Қаратаев шұғыл шаралар қабылдады. Ол ауыл тұрғынына банктік қосымшалар мен WhatsApp желісіне кіруге тыйым салуға көмектесті.
Жергілікті тұрғын полицейлерге интернет-алаяқтықтың алдын алуда көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғысын білдірді. Полиция азаматтарды алаяқтықтың құрбаны болмау үшін мұқият болуға және қарапайым сақтық шараларын қолдануға шақырады. Күдікті сілтемелерге өтпеңіз, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеңіз, қырағы және сақ болыңыз.