Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында рұқсат етілмеген жерлерде темекі шеккен тұрғындар жазаланды

Павлодар облысында рұқсат етілмеген жерлерде темекі шеккен тұрғындар жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда Баян батыр көшесіндегі үйдің кіреберісінде темекі шеккен ер адамға айыппұл салынды. Бұл туралы полицияға үй тұрғыны хабарлады. Сонымен қатар Ломов көшесіндегі үйдің тұрғындарынан да шағым түсті. Олар үнемі кіреберістің жанындағы орындықта темекі шегетіндерді айыптады.

Белгіленбеген орындарда темекі шегудің салдарынан құқық бұзушылар 15 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттеледі. Егер осы заң бұзушылық қайталанған жағдайда, айыппұл мөлшері 20 АЕК-ке дейін көтеріледі.

Айта кетейік, жыл басынан бері белгіленбеген жерлерде темекі шегуге қатысты 22 құқық бұзушылық тіркелген. Өткен жылы осындай 500-ге жуық бұзушылық тіркелген.

“Заң мен тәртіп” қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру