СҚО-да полицейлер азаматтарға күдікті QR-кодтарды сканерлемеуді ескертті
Петропавлда полицейлер үйлердің кіреберісінде QR-код бейнеленген фотосуреттің тарауына қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл тұрғындары мессенджерлерде QR-код бейнеленген хабарландырудың тарауын талқылап жатыр. Адамдардың айтуынша, хабарландыру үйлердің подъездерінде жапсырылған. Фотода көрсетілген QR-кодты сканерлеген адамға сілтеме бойынша өтіп, аудан мен үйдің Telegram-чатына кіру ұсынылады. Осы хабарландыруға байланысты көптеген жергілікті чатта алаяқтардың веб-сайтына кірмеу үшін кодты сканерлемеу туралы ескерту тарап кетті.
Полицейлер тексеру жүргізді. Оның нәтижесі бойынша алаяқтық белгілері жоқ екенін анықталды.
Дегенмен, мұндай механизмді қаскөйлер QR-кодтарды сканерлеуге негізделген интернет-алаяқтық кезінде қолданады. Алаяқтар жалған сайттарға әкелетін, құрылғыға вирус кіргізетін немесе ақшаның ұрлануына жағдай жасайтын зиянды QR-кодтарды жасайды.
СҚО-да QR-кодтарды қолдану арқылы жасалған фактілер тіркелмеді, бірақ полицейлер өңір тұрғындары мен қонақтарына сақ болуға және күдікті кодтарды сканерлемеуге кеңес береді.