Полицейлер экстремизмнің алдын алу бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр,
Түркістан облысында полицейлер экстремизмнің алдын алу бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша жарияланған "Профилактика жылы" аясында Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.
Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, сондай-ақ діни мақсаттағы заттарды тек ғибадат орындарында, діни білім беру ұйымдарында және осы үшін арнайы бөлінген орындарда ғана іске асыруға жол беріледі.
"Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты 2025 жылдан бастап ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабына сәйкес әкімшілік жаза ескерту түрінде шығарылды, ал әкімшілік айыппұл мөлшері төмендетілді. Сонымен қатар полицейлер құқық бұзушылықтарды болдырмау және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы түсіндіру мақсатында "Керуен сарай" ойын-сауық орталығы мен "Қожа Ахмет Яссауи" кесенесі аумағында діни әдебиеттер мен заттарды сатумен айналысатындармен, Түркістан қаласының тұрғындарымен профилактикалық жұмыс жүргізді.
Тәртіп сақшылары қала тұрғындарына діни әдебиеттерді сату ережелерін түсіндіріп, заңнаманы сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жұмыс азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, полиция мен халық арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.