Алматыда полиция көлік ұрысын ұстады
Алматыда полиция көлік ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматының Алмалы ауданының полицейлері бөтен адамдардың көліктерінің әйнегін сындырып, дисплейді ұрлап кеткен адамды ұстады. Тергеу барысында 48 жастағы күдіктінің осыған ұқсас төрт ұрлыққа қатысы бар екені белгілі болды.
Жедел деректерге сәйкес, қаскөй қаланың басқа жерлерінде де, тек түнде ғана ұрлық жасап жүрген. Қазіргі уақытта ұсталған адамның қылмыстық әрекетінің басқа да ықтимал эпизодтарын анықтауға бағытталған бірқатар іс-шара жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ол бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған. Қазір ол қамауға алынды.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.