Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер мен қоғам өкілдері 2025 жылға арналған жоспарды талқылады

СҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның биылғы жылдың алғашқы отырысында атқарылған жұмыстар қорытындыланды және алдағы 12 айға басымдықтар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ККО төрағасы Жасұлан Ахметов өткен жылда тоғыз мәселе қарастырылғанын және жұртшылықтың ұсыныстары ұдайы бақылауда екендігін атап өтті. Мәселен, мектептердің маңына жасанды жол кедергілерін қою туралы шешім орындалды.

2025 жылғы негізгі тақырыптардың бірі — учаскелік полиция пункттерін жабдықтау, нашақорлық пен ұрлыққа қарсы күрес, жол инфрақұрылымын жақсарту. Қоғам белсенділері жол қауіпсіздігі мәселелерін кеңінен талқылауды ұсынды, оның ішінде автотұрақтар мен апаттық-қауіпті учаскелердің жағдайы да бар.

Сондай-ақ полиция бөліністеріндегі заңдылық туралы да сөз қозғалды. СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары "Integrity check" механизмі бойынша бір жылда 140-тан астам қызметкердің адалдығы тексерілгенін және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатқандығын хабарлады.

СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов консультативтік-кеңесші органның қоғам мен полицияның маңызды диалог алаңы, полиция ашықтығының сенімді құралы екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру