Өмірзақ Болсамбеков Абай облысы бойынша ҚАЖД ардагерлерімен және жеке құраммен кездесу өткізді
Абай облысында Ішкі істер министрінің кеңесшісі Өмірзақ Болсамбеков Абай облысы бойынша ҚАЖД ардагерлерімен және жеке құрамымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ кадр саясаты департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Есжан Арыстанов және Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Ғалымжан Балтабаев қатысты. Өткізілген кездесудің басты мақсаты - ардагерлермен тәлімгерлік мәселелері бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасау және олардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі құнды тәжірибесін пайдалану.
Төраға біздің елімізде ІІМ ардагерлеріне тұрақты негізде қажетті қолдау көрсетілетінін, сондай-ақ материалдық және әлеуметтік көмек көрсетілетінін атап өтті.
– Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде барлығы 549 ардагер бар, ең үлкен ардагер - 90 жаста, ал ең жасы - 36 жасқа толды, - деді Абай облысы бойынша тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Ахметжанов.
Департамент бастығы мен ардагерлер төрағасы өткізілген кездесу үшін кеңесшіге алғыс білдіріп, оған зор денсаулық тіледі.