Ақтөбе облысында сотталғанға тыйым салынған зат өткізбек болған ер адам ұсталды
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-ның №70 (тергеу изоляторы) мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттардың мекеме аумағына жеткізілуіне жол бермеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ҚК-нің 429-бабының 2-бөлігімен жазасын өтеп жатқан сотталғанның атына келген сәлемдемені тексеру кезінде майонездің ішіне жасырылған ақ, қара түсті 2 NOKIA телефоны, 2 SIM-карта, және де 1 ақ түсті USB шнур тәркіленді.
Мекемеге сәлемдемені жіберуші 25 жастағы азамат мекемеде ұсталды. Ол таныс досына тыйым салынған заттарды жасырын кіргізбек болған.
Болған алған жағдайға байланысты тыйым салынған заттарды жіберген азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.