Жетісу облысында есірткіге қарсы республикалық турнир өткізілді
Жетісу облысында есірткіге қарсы республикалық турнир өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2025 жылдың 1–2 ақпан аралығында Қарасай ауданының №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде “KASKELEN CUP-2025” атты киокушинкай-кан каратэден Ашық республикалық турнир өтті. Жарысқа Қырғызстаннан және Қазақстанның тоғыз өңірінен келген 300-ге жуық спортшы қатысты.
– Ашылу салтанатында Алматы облыстық филиалының ҰРККФ президенті Бауыржан Әбибеков, Алматы облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма бастығының орынбасары Дастан Жексенбеков және сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры Ануар Артықбаев сөз сөйледі. Олар спорт – бұл денсаулық пен тәртіпке апарар жол, сондай-ақ зиянды әдеттерге қарсы маңызды балама екенін атап өтті, – деп атап өтті полиция өкілдері.
Турнирдің құрметті қонағы – аты аңызға айналған жекпе-жек шебері Иван Иванович қатысушыларға батасын беріп, жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Алматы облысы 19 алтын, 19 күміс және 42 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды. 2-орынды Жетісу облысы, ал 3-орынды Алматы қаласының спортшылары алды.
Ұйымдастырушылар турнирге қолдау көрсеткені үшін спорт және дене шынықтыру басқармасына, Полиция департаментіне және прокуратураға алғыс білдірді. “KASKELEN CUP” жыл сайын ең мықты жас каратэшілерді жинап, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосуда.