Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында ПД бастығы аудан тұрғындарын жеке қабылдады

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Арал және Қазалы аудандарының тұрғындарын жеке қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс әкімі Арал және Қазалы аудандарына жұмыс сапары барысында құқық қорғау органдары басшыларымен бірлесіп, аудан тұрғындарының жеке мәселелерін тыңдады. Облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов жеке қабылдауына бірқатар жергілікті тұрғын жазылды.

Полиция департаментінің бастығына арыз-шағымдарын тікелей бетпе-бет жеткізуге мүмкіндік алғандар өздерінің жеке мәселелерін жеткізді. Әртүрлі себептермен қиын жағдайға тап болғандар жәрдем сұрады, кеңес алды. Қабылдауға келген азаматтар түрлі мәселелерімен, оның ішінде жол қауіпсіздігі, жекелеген қылмыстық істер бойынша және кадрлық сұрақтарымен жүгінді.

Серік Ергешов әрбір тұрғынның мәселесіне сәйкес ашық әрі анық түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде айтылған мәселелердің кейбірі сол сәтте шешімін тапса, қалғандары бойынша тапсырмалар берілді. Барлық өтініш ПД бастығының жеке бақылауына алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру