Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында полиция танысына заңсыз несие рәсімдеген күдіктіні ұстады

Ақтөбе облысында полиция танысына заңсыз несие рәсімдеген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында полиция алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Жәбірленуші полицияға өзіне заңсыз несие рәсімделгені туралы арызданды. 

Тергеу іс-шаралары барысында күдікті әйел Қандыағаш қаласында танысының үйінде қонақта болып, “жұмыс істеймін” деген сылтаумен үй иесінің телефонын сұрап алғаны анықталды. Телефонды алғаннан кейін әйел бірнеше минут ішінде екі банктен 1 млн 350 мың теңгеге несие рәсімдеп, оларды өз анасының шотына аударған. 

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 

Полиция департаменті мұндай заңсыз операцияларды болдырмау үшін мобильді құрылғыларды бейтаныс адамдарға сеніп беруге болмайтынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру