Полицейлер гастролер-ұрыларды елордалық ломбардта ұстады
Полицейлер гастролер-ұрыларды елордалық ломбардта ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 ақпанда Аршалы ауданының Ижевское ауылында пәтер ұрлығы болды. 780 мың теңгеден астам сомадағы алтын әшекейлерді, үй иесі үйден шыққан кезде күдікті 30 минут ішінде шығарып үлгерді. Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес, болжамды ұрыларды ол дүкеннен үйіне қайтып келе жатқанда кездестірген, бірақ олардың құрбаны ол екенін ойламаған. Кейінірек жедел уәкілдердің айтуынша, гастролер-ұрылар біраз уақыт үйді бақылап жүрген, есікті құлыптамай үй иесінің шығуын күтіп, үйге ақырын кіріп, алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Жеке заттарының жоғалғанын анықтаған ақмолалық әйел дереу полицияға арыз жазды.
Осы факті бойынша Аршалы ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Камераларды қараған кезде полицейлер күні бойы ауылда серуендеп, біртүрлі әрекет еткен ер мен әйелді байқады. Кейінгі жедел жұмыс барысында қатысушылардың жеке басы анықталды, ал 6 ақпанда полиция қызметкерлері күдіктіні ұрлаған бұйымдарын ломбардтқа өткізу кезінде ұстады.
Қазіргі уақытта еркек пен әйелдің бірге тұратыны және Астана қаласында тағы бір осындай ұрлыққа қатысы болуы мүмкін екендігі анықталды. Бұл нұсқа елордалық полицейлермен бірге тексеріледі.
Тергеу жүргізу кезеңінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.