Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД ЖБО қызметі күніне 300-ге жуық хабарлама қабылдайды

Павлодар облысы полиция департаментінің ЖБО қызметі күніне 300-ге жуық хабарлама қабылдайды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын бейнебақылау камераларының қырағы көзі қоғамдық орындардағы түрлі құқық бұзушылықтарды анықтауға көмектеседі. Олардың қатарында алкогольдік ішімдіктер ішу, жол ережелерін бұзу, қоғамдық орындарда тәртіпсіздік жасау және ұсақ бұзақылық бар.

Мәселен қала көшелерін бақылау барысында жедел басқару орталығының инспекторы аялдамалардың бірінде жерде жатқан ер адамды байқаған. Оны сол маңнан өтіп бара жатқан жас жігіт көтеріп алуға тырысты.Инспектор дереу полиция қызметкерлерін бағыттап, олар оқиға орнына барып, азаматты уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізді. Енді спирттік ішімдікке әуес бұл азамат 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

– Қыс мезгілінде көшеде қалу – аса қауіпті. Мұндай жағдайдағы адамдар қылмыстың немесе қайғылы оқиғаның құрбанына айналуы мүмкін. Сондықтан қоғамдық орындарда мас адамдарды байқасаңыз, дереу полиция немесе жедел жәрдем шақырған жөн, – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Полицейлердің айтуынша, жедел басқару орталығының операторлары күн сайын 200-ден 300-ге дейін хабарлама қабылдайды.

Биылғы қаңтар айында бейнекамералардың көмегімен мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру