Қызылордада есептегі жасөспірімдер тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерілді
Құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі мен қалалық пробация қызметі пробация есебіндегі кәмелет жасқа толмаған балалардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күшейтілген кестеге сәйкес жүргізілген рейд барысында УПИ Р.Арынғазиева және пробация инспекторы М.Жұмабеков жасөспірімдердің үйлерін аралап, олардың тұрмыс жағдайымен танысты.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың кешкі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүруінің алдын алу, құқық бұзушылықтың болмауын қадағалау мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тәртіп сақшылары пробация есебіндегі жасөспірімдер мен ата-аналарға заң талаптарын түсіндіріп, түнгі уақытта балалардың көшеде жүруіне жол бермеу, зиянды әрекеттерден аулақ болу және қауіпсіздікті сақтау жөнінде кеңестер берді.
Мұндай шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, олардың қоғамға бейімделуіне және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.