Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 27-ші ауыл ішімдік сатудан бас тартты

Түркістан облысында 27-ші ауыл ішімдік сатудан бас тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында жиырма жетінші ауыл тұрғындары алкоголь сатудан бас тартты, бұл құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікке оң әсерін тигізеді. Себебі ішімдік сатылмайтын елдімекендерде соңғы жылдары бірде-бір қылмыс тіркелмеген. 

Сарыағаш ауданының Мәдениет ауылында 1500-ге жуық халық тұрады. Учаскелік инспектор Мұрат Төлегенов атап өткендей, екі жыл ішінде елдімекенде бірде-бір қылмыс болмаған. Сондай-ақ полиция қызметкері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізеді. 

Жақында елдімекен "Ішімдіксіз ауыл" жобасына енгізілді. Ал бұл бастамаға жергілікті тұрғындар, ақсақалдар, белсенділер бірауыздан қолдау білдірді. 

Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Е.Өсербаев алкогольден бас тарту дәстүрлі құндылықтарды нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететінін жеткізеді. 

Өз кезегінде аудан тұрғындарының мұндай қадамы - олардың қауіпсіз қоғамға деген ұмтылысын көрсетіп тұрғандай. Бұл әрине отбасылық құндылықтарды нығайтады, өмір сапасын жақсартады және полицияның жұмысына деген сенімін арттырады. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру