Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғанға телефон жеткізбек болған күдікті ұсталды

Қызылордада сотталғанға телефон жеткізбек болған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесі жедел бөлімінің жедел ақпаратына сәйкес, мекеме аумағына тыйым салынған затты жеткізуге әрекеттенген азамат ұсталды. Оқиға мекеменің негізгі қоршауының жанында болған. Белгісіз біреу тыйым салынған затты лақтыруға әрекет жасаған сәтте, жедел бөлім қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, күдікті ретінде Д. есімді азаматты құрықтады. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақыртылып, тексеру барысында 4 телефон , 5 қуаттағыш, 1 құлаққап тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар сотқа жолданды. Мекеме бастығы Мақсұт Өтетлеуовтың айтуынша, мекеме аумағына тыйым салынған заттарды өткізуге әрекеттену – заң бұзушылық және ол үшін қатаң жаза қарастырылған.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жедел бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілуде. Соған қарамастан, сотталғандардың таныстары, туыстары тыйым салынған заттарды әрекеттермен өткізуге тырысады. Бірі тамақ ішіне жасырса, енді бірі аяқ киім табанына жасырып өткізбек болады. Мекеме әкімшілігі сотталғандардың туыстары мен таныстарын заң талаптарын сақтауға шақырады, өйткені заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру