Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы әуежайында хабар-ошарсыз кеткен әйел табылды

Көлік полицейлері Алматы әуежайында хабар-ошарсыз кеткен әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 ақпанда Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен Людмила Рубанды тапты. Әуежайды патрульдеу барысында тәртіп сақшылары Түрксіб аудандық полиция басқармасынан келіп түскен бағдарға сәйкес келетін әйелді байқап, оның жеке басын тексерді. Нәтижесінде оның бір күн бұрын үйінен шығып, қайта оралмаған 67 жастағы азаматша екені расталды.

Жеке басын анықтағаннан кейін Людмила Рубан оқиғаның мән-жайын одан әрі тексеру және қажетті көмек көрсету үшін іздестіру бастамашысына берілді.

Көлік полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы кезекшілікті жалғастыруда. Полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен кәсібилігінің арқасында тағы бір хабар-ошарсыз жоғалған адам табылды. Жақындарымен қауышты.

Полиция азаматтарды жақындары жоғалған жағдайда уақытылы хабар беруге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру