ІІМ мемлекеттік органдармен бірге "Заң және Тәртіп" идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын әзірлейді
Ішкі істер министрлігінде "Заң және Тәртіп" идеологиясын қоғамда ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы әзірлеу бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық отырыс өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде полиция ведомствосы мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың құқықтық санасын арттыру, құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидатын енгізу және қоғамда тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде белсенді жұмыс жүргізетін болады.
Бұл шаралар заңды құрметтеудің тұрақты мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.