СҚО-да полицейлер "Есірткіге жол жоқ" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді
СҚО-да полицейлер "Есірткіге жол жоқ" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ЖПІШ барысында түнгі клубтар, жалдамалы пәтерлер және есірткі притондары болуы ықтимал орындар тексерілді. Қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен пошта жөнелтілімдері және "Оңтүстік" бақылау-өткізу бекетінде автокөліктерді тексерді. Әсіресе жүк көліктерінің жүргізушілері мен қала арасында қатынайтын таксилерге ерекше назар аударылды.
Тәртіп сақшылары адамдарға жадынамалар, "Петропавл – есірткісіз қала" жапсырмаларын таратты. Сондай-ақ есірткі өткізу және қолдану, есірткі жарнамасын тарату фактілері туралы полицияға "102" мобильді қосымшасы, 8 (7152) 39-41-93 телефоны, 8-707-500-96-65 ұялы телефоны WhatsApp және "102" арнасы арқылы хабарлауға болатынын еске салды.
ЖПІШ барысында полицейлер 12 қылмыстық құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде 2 өткізу фактісі, заңсыз айналымнан 1 кг 581 гр есірткі құралдары тәркіленді, оның ішінде 1 кг 95 гр синтетикалық есірткі.