Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында браконьерлерден 200 келіден астам балық тәркіленді

Жетісу облысында браконьерлерден 200 келіден астам балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы аясында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Қаратал балық инспекциясының мамандарымен бірге өңірдің су айдындарында рейдтік іс-шаралар өткізді. Тексеру барысында Балқаш көлінде тыйым салынған аулау құралдарын пайдаланып, заңсыз балық аулау фактілері анықталды.

Нәтижесінде құқық бұзушылардан ұзындығы 100 метрлік балық аулау торы мен 234 келі заңсыз ауланған балық тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Келтірілген алдын ала шығын 1 млн 285 705 теңгені құрады.

Полиция браконьерліктің ел экологиясы мен су ресурстарына айтарлықтай зиян келтіретінін ескертеді. Табиғат қорғау заңнамасының бұзылуын анықтау және жолын кесу мақсатында осындай рейдтер тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру