Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы тұрғынынан "тыңшылық" құрылғы тәркіленді

Алматыда тағы бір "тыңшылық" құрылғы тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының киберполиция қызметкерлері ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында жүргізіліп жатқан "Anti Fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы туралы еске салды.

Жуырда Алматы қаласының Алмалы ауданында құқық қорғау органдары арнайы рейд барысында күдік тудырған 35 жастағы ер адамды ұстады. Ол Әйтиев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында рұқсат етілмеген дыбыс жазу функциясы бар USB-флэшканы сатып, заңсыз құрылғыны әлеуетті клиентке өткізбек болған.

- Бұл әрекет заңға қайшы және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 399-бабымен қарастырылған құқық бұзушылық болып табылады. Осы дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы ақпаратты жасырын алу үшін арнайы техникалық құралдарды заңсыз өндіру, дайындау, алу, өткізу немесе пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Анес Қалдыбаев.

Тергеу мүддесіне сәйкес ҚР ҚК-нің 201-бабына сай өзге ақпарат жарияланбайды. Сонымен қатар, ҚР Конституциясының 77-бабының 3-бөлімінің 1-тармағына және ҚР ҚК-нің 19-бабының 1-тармағына сәйкес кез келген азаматтың кінәсі сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін дәлелденбеген болып саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру