Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жол ережесін 200 реттен астам бұзған екі жол талғамайтын көлік анықталды

Ақтөбеде жол ережесін 200 реттен астам бұзған екі жол талғамайтын көлік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кейбір жүргізушілер шетелдік немесе транзиттік нөмірлері бар көліктер бейнебақылау камераларына тіркелмейді деп ойлайды. Алайда бұл – қате түсінік. Заманауи камералар мен “Автоураган-МС” мобильді кешендері шетелдік нөмірлері бар автокөліктердің де жол ережесін бұзғанын анықтай алады.

Мысалы, Ақтөбеде мобильді аппараттық-бағдарламалық кешендердің көмегімен жол ережесін 200-ден астам рет бұзған екі Lexus жол талғамайтын көлігі анықталды. Оның бірі алты ай ішінде 94 рет ереже бұзып, жалпы сомасы 3,2 миллион теңгеден астам айыппұл жинаған. Ал екінші көлік жыл басынан бері 126 рет заң бұзып, 4 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Жүргізушілерге қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, көліктер коммуналдық тұраққа қойылды. Аймақта жұмыс істеп тұрған мобильді кешендер жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру