Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі мен экстремистік материалдарды таратты деген күдікпен бірнеше адам ұсталды

Сарқан ауданының аумағында полиция департаменті мен ҰҚК қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен бірлесе жүргізген операциясының нәтижесінде есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен үш жергілікті тұрғынды ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында күдіктілердің екеуі діни экстремизм идеологиясын ұстанушылар екені анықталды. Тінту кезінде олардан ірі көлемде марихуана тәркіленді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, шығаруға және таратуға тыйым салынған экстремистік мазмұндағы діни әдебиеттер табылып, тәркіленді.

Видео • YouTube

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары барлық мән-жайды анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Полиция есірткі құралдарын тарату мен пайдалану, сондай-ақ экстремистік материалдарды сақтау және тарату – қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкелетін ауыр құқық бұзушылықтар екенін еске салады.

Егер сізге есірткі саудасы немесе тыйым салынған діни әдебиеттерді тарату фактілері белгілі болса, құқық қорғау органдарына дереу хабарлауыңызды сұраймыз. Сіздің қырағылығыңыз қылмыстың алдын алуға және қоғамды терроризм қаупінен қорғауға көмектесуі мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру