Алматы облысында полицейлер қысқы марафонда бақ сынады
Алматы облысының полицейлері қысқы марафонда бақ сынады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысында "Қысқы жүгіру – 2025" атты марафон өтті. 10 шақырымдық қашықтыққа созылған сайысқа кәсіби спортшылармен қатар, спортсүйер қауым және Алматы облысы полиция департаментінің қызметкерлері де қатысты. Құқық қорғау органдарының өкілдері өздерінің жоғары дайындығын көрсетіп, жарысты лайықты нәтижелермен аяқтады.
Осындай іс-шаралар полиция қызметкерлерінің физикалық және рухани тұрғыдан шыңдалуына септігін тигізеді. Құқық қорғаушылар күнделікті қызмет барысында үлкен физикалық және психологиялық жүктемелерге тап болады, сондықтан спортпен тұрақты айналысу – олардың әрдайым тыңғылықты қалыпта болуының кепілі.
– Спорт – бұл тек денсаулық пен төзімділіктің белгісі ғана емес, сонымен қатар мінездің беріктігі, тәртіп пен жеңіске деген ұмтылыс. Полицейлердің марафонға қатысуы – олардың кез келген сынаққа дайын екенінің айқын дәлелі. Себебі ішкі істер органдарындағы қызмет тек кәсібилікті ғана емес, мықты физикалық дайындықты да талап етеді, – деді Алматы облысы ПД бастығы Мейрам Әбікеев.
Бұл марафон полицейлердің тек қызмет бабында ғана емес, спорттық алаңда да алдыңғы қатардан көрінуге ұмтылатынын көрсетті. Дене шынықтыру мен салауатты өмір салты – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын тағы бір мәрте дәлелдеді.