Алматыда жас полицейлердің ата-аналарына алғыс айтылды
Алматыда жас полицейлердің ата-аналарына алғыс айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара Алматы қалалық ПД-да басшылықтың, жеке құрамның, ішкі істер органдарының ардагерлерінің, сондай-ақ қызметтік борышын абыроймен және жоғары кәсібилікпен атқарып жүрген қызметкерлердің ата-аналарының қатысуымен өтті. Үздік жас тәртіп сақшыларының ата-аналарына балаларына жақсы тәрбие бергені үшін алғыс хаттар табыс етілді.
— Қазақстан Республикасы ІІМ жүргізіп жатқан жұмыс басты мақсат – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар полиция қызметкері мамандығы қашанда қауіпті, ол арнайы кәсіби дағдылар мен білімді, жағдайды тез арада басқара білуді және төтенше жағдайларда өз бетінше әрекет етуді, шеберлік пен жауапкершілікті өз мойнына алуды, біреуге жанашырлық таныта білуді, адамдарға құрметпен қарауды және сезімталдық танытуды талап ететінін атап өткім келеді. Дәл осы қасиеттер қазіргі ұрпақтың көптеген қызметкерлеріне тән. Осы жерде қатысып отырған гарнизонымыздың қызметтері мен бөлімшелерінің үздік жас қызметкерлерінің ата-аналарына алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Еңбекшіл де мақсатты балаларды, Отанымыздың лайықты ұлдарын тәрбиелеп өсіргеніңіз үшін Сіздерге бас иеміз, – деді, Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев.
Тәртіп сақшыларының ұйымдастыруымен қонақтарға концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.