Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция көші-қон заңнамасын бұзған 700-ге жуық шетелдік такси жүргізушісін анықтады

Полиция көші-қон заңнамасын бұзған 700-ге жуық шетелдік такси жүргізушісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігі “Заң мен Тәртіп” қағидасын қамтамасыз ету мақсатында, көші-қон бақылауын нығайту және ел аумағында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді анықтау үшін “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Көші-қон қызметінің мәліметі бойынша, іс-шара барысында 5 күн ішінде 46 мың көлік тексерілді, 1 080 шетелдік азамат жеке тасымалдаумен айналысқаны анықталды. Олардың 691-і мобильді қосымшалар арқылы көші-қон заңнамасын бұзып, жеке тасымалмен айналысқан.

234 шетелдік азамат заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін, 457 шетелдік азамат ҚР-да болу мерзімін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен 175 шетелдік такси жүргізушісі ел аумағынан шығарылды. Олардың 103-і жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орындарына орналастырылды.

Сонымен қатар 38 қазақстандық шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру