Полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Түркістан облысында полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халық арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Мәселен, Кентау қалалық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары А.Сәрсенқұловтың басшылығымен трансформатор зауытында «Интернет-алаяқтықтан сақ болыңыз!» тақырыбында ауқымды жиналыс өтті. Оған 400-ден астам кәсіпорын жұмысшысы қатысты.
Видео • YouTube
Тәртіп сақшылары интернет-алаяқтықтың түрлері, алдаудың негізгі тәсілдері және түрлі алаяқтардың құрбаны болмау жолдары туралы айтып, ақпараттық жадынамалар таратты.
Полицейлер күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге және жеке мәліметтерін бөгде адамдарға бермеуге кеңес береді.