Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында алкоголь өнімдерін заңсыз өндіретін цех анықталды

Қостанай облысында алкоголь өнімдерін заңсыз өндіретін цех анықталды, 8 млн теңге болатын 6 мың бөтелке тәркіленді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері мен Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері аудандық прокуратураның үйлестіруімен Қарабалықта заңсыз алкоголь өндірісін анықтау бойынша бірлескен операция жүргізді.

Құқық қорғау органдарының назарын ауданға шыны ыдыстардың үлкен партиясын әкелген жүк тасымалдау қызметін көрсетіп жүрген кәсіпкер аударды.

Өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде аудан орталығының шағын аудандарының бірінің аумағында контрафактілік өнімі бар цех табылды. Тінту барысында алкоголь өнімдерін өндіруге және құюға арналған жабдық, сондай-ақ көлемі 0,5 литр болатын 2180 бөтелке арақ тәркіленді.

Сонымен қатар заңсыз өнімді жөнелту нүктесі анықталып, жойылды. Осы орынға жеткізілген Газель көлігінде 3 мың бөтелке алкоголь мен  спирттік өнім болуы мүмкін 5 литрлік сұйықтығы бар 16 канистр табылды.

Алдын ала бағалаулар бойынша бір бөтелкенің құны шамамен 1200 теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 36 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру