Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ЖҚАЖ инспекторы жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды

Абай облысы ПД ЖҚАЖ инспекторы жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионатында қола жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионаты өтіп, бұл беделді жарыста Абай облысы gолиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Айдар Асқаров 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола жүлдегер атанды.

Жауынгерлік самбо – күштік құрылымдарға бейімделген ерекше қорғаныс жүйесі. Айдар Асқаров бұл техникаларды жоғары деңгейде меңгергенін дәлелдеп, шеберлігімен ерекшеленді.

24 жастағы арнайы жасақ қызметкері самбодан спорт шеберлігіне кандидат. Ол құқық қорғау органдарындағы қызметі мен кәсіби спортты қатар алып, биік нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жеңісті жолы тағы бір қола медальмен толықты. Бұл үздіксіз еңбек пен спортқа деген адалдықтың айқын дәлелі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру