Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтау тұрғынынан 20 түп қарасора тәркіленді

Маңғыстау облысында есірткі қылмысына қарсы жедел іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы прокуратураның үйлестіруімен жедел іс-шара өткізді. Нәтижесінде Ақтау қаласының тұрғынынан бірнеше тыйым салынған заттар табылып, куәгерлердің қатысуымен тәркіленді.

Олардың ішінде 20 түп қарасора, үш жарық шамы, екі желдеткіш, ыдысқа құйылған сұйықтық, электронды таразы, компрессор, есірткі затын тұтынуға арналған қолдан жасалған құрылғы бар.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру