Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рудныйда полицейлер тұрғыннан 8 келіге жуық гашиш тәркіледі

Қостанай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде оның Рудныйға есірткі заттарын жеткізу арнасын ұйымдастырғаны және оларды есірткі тұтынушыларға аз мөлшерде өткізумен айналысқаны анықталды.

Тінту барысында ұсталған адамның үйінен жасыл түсті заты бар 124 қағаз орамы, жасыл түсті заты бар 4 полиэтилен пакеті және электрондық таразы тәркіленді.

Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат - 8 келіге жуық гашиш.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін шаралар қабылданып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру