Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Астанада бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қала тұрғыны жүгініп, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, екі жақтан келісімшарт бола тұра алданып қалған.

Нұра ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу кезінде алаяқтық жолмен ақша иемденген 49 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Келтірілген шығын көлемі
шамамен 600 мың теңге.

Тергеу барысында әйелдің жиһазсатамын деген жарнамасын көрген жәбірленуші оған хабарласып, алдын ала келісімшарт жасасады. Сұраған сомасын алаяқтың банк карточкасына аударып, жиһаз дайын болатын күнді күткен. Уәде берілген күннен үш күн асып кеткеннен кейін
ғана алданғанын білген.

Дәл осындай іске қатысты 10-нан аса эпизоды бар екені белгілі болды.

Ұсталған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның әрекеттері ҚР Қылмыстық
кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қарастырылуда.

Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаның жалған ақпарат арқылы бұрмалануы азаматтардың қаржылық мүдделеріне нұқсан келтіріп, қоғамға қауіп төндіруі мүмкін. Осы жағдайды құқық қорғау органдары қатаң бақылауға алған.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, басқа да осындай алаяқтық әрекеттердің жолын кесу мақсатында шаралар қабылдануда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру