Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мерекеге орай полициядағы қыз-келіншектер құрметке бөленді

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов полицей қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтап, ҚР ІІМ, полиция департаменті басшылығы атынан арнайы дайындалған марапаттарды табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПД бастығы М.Қабденов қыз-келіншектерді келе жатқан мерекемен құттықтап, тілегін жеткізді.

- Құрметті қыз-келіншектер! Сіздер қоғамымыздағы кез келген салада абыройлы еңбек етіп, елдің дамуына өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Оның ішінде ішкі істер саласындағы Сіздердің қызметтеріңізді жоғары бағалап, құрмет көрсетеміз, - деді ол.

Сондай-ақ ішкі істер органдарында өзінің қызметтік міндеттерін адал әрі мінсіз атқарып жүрген әйел қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Атап айтсақ, ҚР ІІМ-нің "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен полиция подполковнигі Ж.Әбдібекова, полиция майоры Д.Сейдалиева, "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісімен полиция майоры Ж.Нұржігітова марапатталды. Ал ҚР ІІМ-нің алғыс хаты полиция майоры Э.Альшерова, полиция капитаны А.Құлмағамбетова, полиция ардагері А.Бекбауоваға берілді.

Сондай-ақ департамент бастығының грамотасы мен алғыс хаты полиция подполковнигі М.Әбдіқадырқызы, полиция подполковнигі А.Смағұл, полиция аға лейтенанты Г.Абдужаппарова бастаған шенді аруларға бұйырды.

Шара соңы өнерлі полицейлер мен облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен ұласты.

Жауап қалдыру