Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұлан ардагерлері арасында шаңғы тебуден марафон өтті

Астана қаласының Орталық мәдениет және демалыс паркінде ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы ардагерлерінің денсаулықты нығайтуға арналған марафоны өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара “Ұлы Жеңіске 100 күн” акциясы аясында ұйымдастырылды. Бұл акция 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Спорттық мерекені Ардагерлер кеңесі ұйымдастырды және оны отставкадағы полковник Григорий Григорьянц басқарды.

Бұл марафон ардагерлерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Жарысқа10-нан астам ардагер қатысты. Олардың арасында тек әскери зейнеткерлер ғана емес, сонымен қатар олардың балалары да болды.

Марафонның басты критерийі тек қатысу болғандықтан, олар уақытқа жарыспады, тек өздері үшін шаңғымен серуендеді. Кейбіреулері жай ғана парк ішін аралап, көктемгі таза ауаны жұтып, табиғаттың сұлулығына тәнті болды.

Марафонның төрешісі отставкадағы полковник Жанболат Ахметовтің айтуынша, осындай спорттық кездесулер ардагерлерді бір-біріне жақындатып, спортты және белсенді демалысты насихаттайды.

Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға Ардагерлер кеңесінің атынан грамоталар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру