Алматыда полиция алимент пен айыппұл төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды іздестіріп жатыр
Алматыда полиция айыппұл мен алимент төлемей жүрген азаматтарды іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда 12-14 наурыз аралығында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараны Алматы қалалық полиция департаменті мемлекеттік кірістер департаментімен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаттары:
• Салық бойынша өтелмеген, төленбеген айыппұлдары, алименттері бар адамдарды анықтау.
• Көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра көлік тізгіндеген жүргізушілерді анықтау.
• Жалған тіркеу нөмірлері бар көліктерді пайдалануды болдырмау.
• Сот қаулысымен және сот орындаушыларымен шектеу қойылған көліктерді анықтау.
Әрекет ету шаралары:
• Берешегі анықталған адамдар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
• Ереже бұзған көліктер анықталып, айыппұл тұрағына орналастырылады.
Полиция кеңесі:
• Салық, айыппұл және алимент бойынша қарыздарды уақытылы өтеу.
• Көлік құралдарын пайдалану кезінде заң талаптарын сақтаңыз.
• Іс-шара аясында құқық қорғау органдары мен сот орындаушыларына көмек көрсету.
Полиция қала жолдарында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды жалғастырады.