Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда студенттер арасында зияткерлік ойыны ұйымдастырылды

Түркістанда студенттер арасында зияткерлік ойыны ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде "Law arena" зияткерлік ойыны өтті. Оған заңгерлік білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 1, 2 және 3-курс студенттері қатысты. 6 команда құқық саласындағы білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, бірнеше кезеңдерде бақ сынасты.

Қазылар алқасы ретінде жастар орталығының жетекші маманы Ш.Ермаштаев, құқықтану
кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты М.Губайдуллин, Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі М.Бимаханов және аға жедел уәкілі А.Күмісбекұлы сөз сөйледі.

"Заңгер болу – уақыт талабы" тақырыбындағы ойында студенттер құқық бойынша түрлі
сұрақтарға жауап беріп, практикалық тапсырмаларды орындады. Сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу тақырыбындағы бейнеконкурсқа қатысты.

Ойын қорытындысы бойынша І орынды "Law guys stan" командасы, ІІ орынды "Юрьянс" командасы, ал ІІІ орынды "LegisX" командасы иеленді. Барлық жеңімпаз грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру