Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 13 айыппұлын төлемеген тұрғынның көлігі арнайы тұраққа қойылды

Шығыс Қазақстан облысында құқық қорғау органдары жылдамдықты 13 рет асырған және айыппұлдарын төлемей келген азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыста жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қауіпті азайту және төленбеген айыппұлдарды өндіру мақсатында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Операцияның алғашқы күнінде-ақ айыппұлдарын уақытында төлемеген 13 жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды.

Жақында облыс орталығында сондай бір жағдай болды. Полиция қызметкерлері 22 жастағы жергілікті тұрғынды тоқтатып, оны тексеру барысында 160 мың теңге көлемінде 13 төленбеген айыппұлы бары анықталды. Барлық құқық бұзушылық жылдамдықты асырумен байланысты және "Мерген" автоматтандырылған кешені арқылы тіркелген. Тұрғынның көлігі айыппұл тұрағына қойылды.

Полиция 7 жұмыс күні ішінде 50% жеңілдікпен төлеуге болатынын еске салады. Егер аталған мерзім өтіп кетсе, толық соманы 30 күн ішінде ерікті түрде өтеу мүмкіндігі бар. Белгіленген уақыттан кейін қаулы жеке сот орындаушыларына беріледі, ал өндіріп алу мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады.

Жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға және мәжбүрлі шараларды болдырмау үшін айыппұлдарды уақытылы төлеуге шақырамыз!
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру