Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда “Полиция барысы — 2025” чемпиондық белбеуінің иегері анықталды

Алматыда “Полиция барысы — 2025” чемпиондық белбеуінің иегері анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы ПД-да “Қазақ күресінен” дәстүрлі турнир өтті. Бұл - 14 командадан 101 қатысушының басын қосқан ауқымды спорттық шара.

Жарыс алты салмақ дәрежесі бойынша өтті.
Турнир кестесі келесідей болды: 1-орынды жылдам қимылдайтын арнайы жасақ тобы иеленді; 2 орын жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция полкінің командасына бұйырды; 3-ші жүлделі орынды Алмалы аудандық полиция басқармасының командасы алды.

“Полиция барысы — 2025” чемпиондық белбеуінің иегері - Алматы қалалық ПД ЖҚАЖ инспекторы Тимур Ғылымбеков болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру