Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заң мен тәртіп: Астанада полиция профилактика жұмысын үздіксіз жүргізіп жатыр

Астанада полиция қызметіне қатысты есептік кездесу өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы ПД Есіл ауданы ПБ бастығы Әлібек Қожахметов полиция қызметіне
қатысты есептік кездесу өткізді. Бұл халықпен кездесуге Есіл ауданы әкімінің орынбасары Алдауов Бахытжан және Есіл ауданы прокурорының орынбасары Еркен Қозғамбаев қатысты.

2024 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген жедел-қызметті талдау, ауданда құқықтық тәртіпті тиісті деңгейде сақтауға,
қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу, жаппай тәртіпсіздіктер мен төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік бергенін көрсетті. Ол ең алдымен Есіл ауданындағы қылмыстық ахуалға тоқталып өтіп, қылмыс санының азайғанын атап өтті. Жалпы, алдын алу шараларының арқасында барлық қылмыс түрлері бойынша көрсеткіштері төмендеді.

Сондай-ақ интернет-алаяқтық дерегі бойынша
сақтануды ескертті. Себебі алаяқтықтың жаңа түрлері пайда болуда. Мысалы, криптовалюта технологиясының дамуына байланысты алаяқтар азаматтардың қаржылық
сауатсыздығын пайдаланып, оларды алдап, табыс табуда.

Полиция қызметінің басым бағыттарының бірі – құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау. Осы тарапта Есіл ауданы ПБ
қызметкерлері 950-ден астам іс-шара өткізді.

Сонымен қатар есірткі саудасы ұлттық қауіпсіздікке төнген үлкен қауіп болғандықтан, “Астана – есірткісіз қала” бағдарламасы
аясында кешенді шаралар атқарылуда. Полиция қызметкерлері күн сайын нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша түрлі түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Түнгі уақытта тыныштықты бұзу, 23:00-ден таңғы 08:00-ге дейін алкоголь өнімдерін заңсыз сатқаны үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

— 2025 жылы да біз сіздермен бірлесіп, аудан тұрғындарының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нәтижелі жұмыс атқарамыз деп сенемін, — деді Алибек Асылбекұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру