Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада полицейлер талып қалған баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге көмектесті

Ақмолада полицейлер екі жасар баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

15 наурызда Степногорск қаласында патрульдік полиция қызметкерлері Бейбітшілік көшесінде бағдаршамның тыйым салынған белгісіне Exeed 818 автокөлігі өтіп кеткенін байқады. Полицейлер көлікті тоқтату туралы шешім қабылдады.

Автокөлікті қуып жеткен, полицейлер жүргізуші әйелдің қатты үрейленгенін көрді. Ол артқы орындықта екі жасар баласының есінен танып қалғанын және ауруханаға асығып бара жатқанын түсіндірді.

Жағдайды бағалай отырып, тәртіп сақшылары Арман Билялов пен Ислям Ислямов автокөлікті
Степногорск қаласы ауруханасының қабылдау бөлмесіне дейін алып жүру туралы шешім қабылдады. Әр минут маңызды болды. Кәсібилік пен жеделдікті көрсете отырып, олар ауруханаға қауіпсіз және кедергісіз жеткізді. Онда бала дереу медициналық көмек алды. Полиция қызметкерлері баланың өміріне қауіп төндірмейтініне көз жеткізгенше оның туыстарымен бірге болды.

- Мұндай сәттерде сабырлық сақтау өте қиын. Адам денсаулығы, соның ішінде кішкентай бала туралы сөз болғанда уақытында жетуді ойлайсың,– деп бөлісті тәртіп сақшылары.

Бірнеше күнненкейін полиция басқармасына баланың анасы Виктория Вашановадан бейне хабарлама келіп түсті, ол полиция қызметкерлеріне қолдауы мен уақтылы көмегі үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру