Прекурсорлар бақылауда: полиция 350 дәріхананы тексерді
Мысалы, Жамбыл облысындағы ұйымдардың бірі прекурсорларды сақтау ережелерін бұзған. 34 мың тоннадан астам күкірт қышқылы тәркіленді. Әкімшілік материал жиналды. Ұйым қызметі тоқтатылды.
Ақтөбе облысында медициналық ұйымды тексеру кезінде есірткі құралдарын сақтау және есепке алу ережелерінің бұзылуы анықталды. Фармацевтке қатысты қылмыстық іс қозғалды.