Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция қызметкерлері халықпен кездесті

Астана қалалық ПД-ның Нұра ауданы ПБ бастығы Қайрат Мәдиев халықпен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы есептік кездесуге Нұра ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Руслан Сәбитов қатысты.

Полиция қызметінің басты бағыты – қылмыстардың алдын алу және олардың жолыникесу. Профилактикалық жұмыстардың арқасында жалпы қылмыстардың тіркелуі азайды.
2024 жылы 705 іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараларға 4 214 полиция қызметкері жұмылдырылды.

Халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу және тұрғындардың құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысуын арттыру мақсатында 108 есептік кездесу ұйымдастырылды.

Сонымен қатар синтетикалық есірткінің заңсыз айналымы да өзекті мәселе. Есірткіге байланысты қылмыстар – тек азаматтардың денсаулығына ғана емес, елдің ұлттық қауіпсіздігіне де тікелей қауіп төндіреді. Телеграмм-каналдар арқылы тыйым салынған заттарды тарататын есірткі тасымалдаушылар үйлердің кіреберістеріне, саябақтарға, демалыс орындарына есірткі жасыру арқылы заңсызайналыммен айналысуда. Бұл мақсатта "Астана – есірткісіз қала" бағдарламасы аясында полиция қызметкерлері есірткі қылмыстарымен күрес бойынша кешенді шараларды іске асыруда.

- Тек сіздермен тығыз өзара әрекеттесу арқылы біз аудандағы есірткі жағдайын тұрақтандыра аламыз! Осы есептік кездесуіміз – құқық қорғау саласындағы ортақміндеттерді орындаудағы маңызды кезең, - деді Қайрат Сайлауұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру