Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді анықтады

Түркістан облысында көші-қон қызметінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара аясында көші-қон заңнамасын бұзудың 659 дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның ішінде 459-ы шетел азаматы және оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, жиналған материалдар сотқа жіберілді. Нәтижесінде сот шешімімен 213 құқық бұзушы елден шығарылды.

Мәселен, тәртіп сақшылары облыс орталығы мекемелерінің бірінде заңсыз жұмыс жасаған Африка құрлығының тұрғынын анықтады. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырып, материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен шетелдік азамат елден шығарылды.

Полицейлер атап өткендей, "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы қоғамдық тәртіпті сақтау, көші-қон заңнамасын бұзу, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарымен басқа да құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру