Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада мас күйде көлік жүргізген жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада мас күйде көлік жүргізген жүргізушілер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Мас жүргізуші – қылмыскер!" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Астана қаласы Жамбыл Жабаев көшесінің бойынан көлікті мас күйде басқарған 38 жастағы ер азамат анықталды. Азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды. Сот шешімімен ол 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Аталған іс-шараның басты мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алу, мас күйде көлік жүргізуге жол бермеу, сондай-ақ жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Демалыс күндері рейдтік іс-шаралар барысында 33 жүргізуші ұсталып, Астана қалалық бейінді орталыққа медициналық куәландырудан өткізу үшін жеткізілді. Оның ішінде 29 жүргізушінің мас күйде екені анықталды, 4 жүргізуші медициналық куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігіне сәйкес рәсімделіп, 33 көлік құралы коммуналдық тұраққа қойылды.

Полиция департаменті азаматтарды заңға бағынуға және көлік құралдарын тек дұрыс жағдайда басқаруға шақырады. Мас күйде көлік жүргізу — өзіңізге ғана емес, айналаңыздағы адамдардың өміріне де қауіп төндіретін әрекет.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру