Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полиция бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындысын шығарды

ШҚО-да полиция бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы жедел-қызметтік жұмысты қорытындылады. Өңірлік полицияның басты назарында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және азаматтардың сенімін арттыру мәселелері тұр. ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Ішкі істер министрі қойған міндеттер мүлтіксіз орындалуы тиіс.

— Бұл жыл "Профилактика жылы" болып жарияланды, және ол тек формалды түрде болмауы маңызды. Полиция қызметі тек "Заң мен Тәртіп" қағидасы аясында құрылады. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алуға, сондай-ақ профилактикалық шараларды күшейтуге ерекше назар аударылады, — деп атап өтті облыстың бас полицейі.

Басты басымдықтардың қатарында – кәмелет жасына толмағандарға және әйелдерге, соның ішінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу. Есірткі қылмыстарына, киберқылмысқа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ ауылдық аймақтар үшін өзекті мәселе – мал ұрлығын азайту мәселесі жеке қарастырылуда.

Жол қозғалысы қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінуде. Облыста патрульдеуді күшейту, құқық бұзушылықтарды тіркеудің автоматтандырылған жүйелерін кеңейту жоспарланған. Олардың қатарына "Мерген" жобасы мен "Кибер Шериф" мобильді кешендері кіреді. Өткен жылдағы көрсеткіштерді ескере отырып, бұл шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға ғана емес, әрбір құқық бұзушылыққа жедел ден қоюға да мүмкіндік береді.

Генерал-майор биыл "Заң мен Тәртіп" қағидасын қоғамда нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланғанын атап өтті.

— Қоғамдық тәртіпті сақтаудан бастап халықпен өзара тығыз қарым-қатынас орнатуға дейін әрбір бағытқа ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Тек халықпен тұрақты байланыста, ашық және адал диалог жүргізу арқылы ғана біз тыныштыққа қол жеткіземіз, сонымен қатар азаматтардың қауіпсіз қоғам құруға саналы түрде қатысуына жағдай жасай аламыз, — деп түйіндеді Ерлан Омарбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру