ШҚО-да полиция биыл 3 мыңнан астам заңсыз интернет-ресурстарды бұғаттады
ШҚО-да полиция биыл 3 мыңнан астам заңсыз интернет-ресурстарды бұғаттады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және заңға қайшы контентпен күресу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері интернет кеңістікті белсенді түрде қадағалап келеді. 2024 жылы тыйым салынған ақпаратты таратқан 1 770 сайт анықталып, бұғатталды.
Бұғаттауға есірткі заттарын ұсынатын, суицидті насихаттайтын, порнографиялық сипаттағы материалдар мен заңсыз онлайн-казино орналастырылған ресурстар анықталды.
2025 жылы бұл бағыттағы жұмыс күшейтілді. Биылғы жылдың алғашқы үш айының өзінде осындай мазмұндағы 3 мыңнан астам сілтеме бұғатталды.
Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, күмәнді интернет-сайттар туралы хабарлауға шақырады. Ортақ күш-жігерімізбен өсіп келе жатқан ұрпақ үшін қауіпсіз ақпараттық орта құруға болады.