Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балалар қауіпсіздігі: полиция мәлімдеме жасады

Алматы полициясы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық полициясы балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының көбейгенін айтып дабыл қағуда. Өкінішке қарай, кей жағдайда мұндай қайғылы оқиғалар кәмелетке толмағандардың өлімімен аяқталады.

- Бізді балалардың жол бойында ересектердің қарауынсыз қалып қоятыны және жол қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын білмейтіндігі алаңдатады. Бұл - ата-аналар мен заңды өкілдерінің немқұрайлылығы мен салғырттығының салдары. Балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз! Есіңізде болсын, бір сәт - орны толмас нәрсе болуы мүмкін. Баланың қауіпсіздігі - Сіздің тікелей жауапкершілігіңіз! – деді, Алматы қалалық ПД анықтау Басқармасының бастығы Ержан Шайхиев.

Сондай-ақ полиция, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына енгізілген өзгертулерге сәйкес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік енді ата-аналар мен заңды өкілдерге жүктелетінін еске салды.

- Әрбір ата-ана ойлансын: мен баламның аман, дені сау болуы үшін бәрін жасадым ба? Қамқорлығымызды ертеңге қалдырмай, бүгіннен бастап балаларымызды аялайық, - деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы Ержан Шайхиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру