Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда қарақшылық жасаған күдіктілерді ұстау сәті видеоға түсірілді

Павлодар облысында күзет ұйымының директорына қарақшылық шабуыл жасаған күдіктелер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының жедел қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде  Екібастұз қаласында өңірдің ірі күзет ұйымдарының бірінің директорына қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктілерді анықтап, ұстады.

- Күдіктілер пәтерге заңсыз кіріп, жалпы сомасы 11 млн теңгеден астам мүлікті иемденгені анықталды. Тінту жүргізу барысында заттай дәлелдемелер алынды. Қазіргі уақытта одан әрі жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер УҚИ-ге қамалды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда, - деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру