Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда электрондық бақылау құрылғысын жоғалтқан сотталғанға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Оралда электрондық бақылау құрылғысын жоғалтқан сотталғанға түсіндірме жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған М. есімді азаматқа 2024 жылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 1-тармағы бойынша құқық бұзғаны үшін бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жөнінде ескерту берілді. Осыған орай, сотталғанға электрондық бақылау құрылғысы — электрондық білезік тағылды.

Аталған құрылғы пробациялық бақылауда тұрып, жаза өтеу мерзімінде ескерту алған, сондай-ақ құқықбұзушылық жасауға бейім сотталғандарға қолданылады. М. есімді азаматқа құрылғыны қолдану тәртібі мен жадынама түсіндіріліп, оны жоғалту немесе бүлдіру жағдайында материалдық жауапкершілікке тартылатыны жөнінде қолхат алынған.

Электрондық білезік күнделікті арнайы бақылау құрылғысы арқылы қадағаланып отырады. 2025 жылғы 7 сәуірде сотталған М пробация қызметіне келіп, құрылғының сымсыз қуаттағышын (пауэрбанк) жоғалтып алғаны жөнінде мәлімдеді. Осы жағдайға байланысты одан жазбаша түсініктеме алынып, тәрбиелік сипаттағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ оған сымсыз қуаттағыштың құнын өтеу міндеттелді.

Электрондық бақылау құрылғысы арқылы сотпен белгіленген негізгі талаптардың бірі – сотталғанның кешкі сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін өз үйінде болуы – үнемі бақылауда ұсталады.

Бүгінде Орал қалалық пробация қызметінің есебінде электрондық құрылғымен бақыланатын бірнеше сотталған бар. Құқық бұзушылық жасаған жағдайларда оларға қатысты жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныстар сотқа жолдануда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру