Павлодарда мас күйде жүрген екі жасөспірім анықталды
Павлодарда мас күйде жүрген екі жасөспірім анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері мас күйде жүрген жасөспірімдерді анықтады. Іс-шараның төрт күнінде 132 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, 80-нен астам кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкілдерсіз түнгі қалада жүргені анықталды.
Сонымен қатар 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь сатқаны үшін екі сатушыға айыппұл салынды. Екі жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылып, 13 жасөспірім әртүрлі санаттар бойынша ішкі істер органдарының есебіне қойылды. Бір материал жасөспірімдерді арнайы білім беру ұйымдарына жіберу мәселесі бойынша сотқа жолданды.
Рейдтік іс-шаралар барысында Жеңіс алаңы саябағында 16 жасар жасөспірімнің спирттік ішімдік ішкені анықталды. Оның ата-анасына қатысты 18 жасқа толмаған адамның қоғамдық орында алкоголь ішкені үшін хаттама толтырылды. Тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізіліп, жасөспірімнің өмір сүру жағдайлары зерттеліп, ата-аналармен профилактикалық әңгіме өткізілді.
Полиция ведомствосында атап өткендей, өткізілетін іс-шаралардың басты міндеті – жасөспірімдердің қараусыз қалуын болдырмау, жазатайым оқиғалар қаупін және кәмелетке толмағандардың оларға қатысты қылмыстар жасау ықтималдығын барынша азайту.